⚡️️ Экс-вице-министр Ерлан Қожағапанов бостандыққа шықты Мемлекеттік қызметтегі лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланды деген айыппен былтыр сотталған бұрынғы Мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапанов бостандыққа шықты. Бұл жөнінде ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті мәлім етті. Ведомствоның мәліметінше, сот оның негізгі жазасының өтелмеген екі айын айыппұл төлеу жазасына ауыстыру туралы шешім қабылдаған.
https://t.me/qaz365kz/14848